Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заңнама аясында

2025 жылғы 27 ақпан                                                          Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева әріптестерімен бірге Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерінің орындалуын заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысты

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерінің орындалуын заңнамалық реттеуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының судьялары, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – конституциялық бақылау органы шешімдерінің орындалуын құқықтық реттеудің жекелеген аспектілерін жетілдіру тәсілдерін талқылау және әзірлеу болып белгіленді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы С. Имашева іс-шараны аша келе, Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерінің орындалуын заңнамалық реттеуді жетілдіру орын алған олқылықтарды жоюға, нормативтік қаулылардың орындалуын жеделдетуге және мемлекеттік органдардың оларды орындау бойынша жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Шешімдерді іске асыру тиімділігін арттыру үшін бүгін айтылған, оның ішінде азаматтық қоғам өкілдерінен түскен барлық ұсыныстарды мұқият қарастырып, бақылау мен жауапкершіліктің нақты тәртібін белгілеу, заңнаманы Конституциялық Соттың шешімдеріне жедел бейімдеу тетіктерін жасау қажет. Бұл шаралар құқықтық тұрақтылықты жақсартады, конституциялық бақылау институтына сенімді нығайтады,-деді депутат.

 Жиынға қатысушылар алдында ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Э.Әзімовасөз сөйлеп, конституциялық қадағалау нәтижелері заң шығару процесінің және заңнамалық ұсыныстарды әзірлеудің және қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану тиімділігін бағалаудың құқықтық көзі болып табылатынын айтты. Ол 2024 жылы нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігіне шағымдану бойынша 3 747 өтініш келіп түскенін атап өтті.

 Отырыс барысында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Ү. Шапақ конституциялық бақылау органының 66 нормативтік қаулысының 17-сі заңдар мен Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары деңгейінде орындалғанын айтып, ақпарат берді. Яғни, Мәжілісте 3 заң жобасының аясында Конституциялық Соттың 9 шешімі бойынша түзетулер талқылануда. Бірқатар нормативтік қаулылар Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті қараған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шегінде жүзеге асырылды. Біздердің міндетіміз – сапаны қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтарын сенімді қорғайтын, қоғамдық қатынастарды тиісті түрде реттейтін және халыққа қолайлы жағдай жасайтын заңдар қабылдау, деді депутат.

 Тақырыптық пікірталас аясында Конституциялық Сот шешімдерін орындаудың практикалық мәселелерін жан-жақты талқылау болды. 

  Іс-шара қорытындысы бойынша конституциялық бақылау органының қорытынды шешімдерін іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

 Кейін осы іс-шара аясында Н.Дементьева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында: «Елімізде 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде Констиуциялық Соттың қайта қалпына келтірілуі ең бір қажетті бастама болғаны анық. Бұл –әділетті Қазақстанды құру кезеңінде құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы нық қадам. »-деп жазды.