2025 жылғы 17 наурыз Астана қаласы
Депутат Н.Дементьева Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымынақатысты.
Заң жобасының мақсаттары тауар нарықтарын монополиясыздандыру және мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқарту болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Заң жобасында мынадай негізгі бағыттар көзделеді: 1) монополиялық нарықтардағы бағаларды бақылауды күшейту; 2) экономикалық шоғырлануды бақылауды кеңейту; 3) тауар нарықтарын тергеп-тексеру мен талдаудың тиімділігін арттыру; 4) бұзушылықтардың алдын алу құралдарын жетілдіру; 5) мемлекеттік монополия және арнаулы құқық субъектілерін қысқарту; 6) тұтынушыларға қаражатты қайтару тетігін енгізу.
Заң жобасында бірқатар түзетулер ұсынылады. Атап айтқанда, ҚР Азаматтық процестік кодексіне түзетулер көзделеді, онда адамдар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін талап-арыздарды сот арқылы реттеу (ұжымдық талап-арыздар) енгізіледі.
«Әрине, ұжымдық талап қою институтының пайдасы анық, реттеуді жақсарту адамдардың құқықтарын қорғау бойынша кепілдендірілген мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді деген үміт бар. Алайда, мынадай да қауіптер бар: «топ» ұғымына қатысты, ол барынша кең және абстрактілі тұжырымдалады. Бұл жауапкерлерге мүшелердің біртекті еместігін және соның салдарынан мұндай талаптарды бір істе қарауға жол берілмейтіндігін талап етуге негіз береді. «Топ бірлігі» мәселесінде күмән болған жағдайда соттар неғұрлым консервативті көзқарасқа ие болып, талап-арыздарды дәл осы топтық іс жүргізу тәртібімен қараудан бас тарта алады. Қаржылық құраушы тағы бір кедергі болып табылады: қымбат тұратын сапалы сот сүйемелдеуіне қаражатты қайдан алуға болады? Мұндай институт, бірінші кезекте, АҚШ-та, Ұлыбританияда сұранысқа ие басқа мемлекеттерге қарағанда, Қазақстанда сот шығындарын өндіріп алу тетігі, заң фирмаларын осындай істерді қолға алуға ынталандыратын табыс қаламақысы әзірге жоқ. Жалпы, сұрақтар аз емес. Заң жобасымен жұмыс енді ғана басталды» - журналистерге берген сұхбатында Н.Дементьева.