Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сот реформасы саласында

2025 жылғы 3 сәуір                                                                        Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева әріптестерімен бірге сот реформасы мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің іс-шарасына қатысты

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ғимаратында «Жүргізілген сот реформасының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Судьялар одағының, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасы, Республикалық заң консультанттары алқасы және Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.

Жиынды Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Жоғарғы Сот және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы С.Имашева отырысты аша келе, сот реформасының ел үшін және сот реформасы аясында белгіленген мақсаттардың қоғам дамуындағы маңыздылығын атап өтті.

Негізгі баяндаманы Жоғарғы Соттың Төрағасы А.Мерғалиев жасады. Өз сөзінде ол сот жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған келешектегі ұсыныстар туралы баяндады.

Жоғарғы Сот судьясы, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның төрағасы А.Стыбаев Комиссияның жұмысы туралы жиынға қатысушыларға ақпарат берді. Сот жюриінің мүшесі Н.Қайыпжан судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартудың жаңа механизмі туралы хабардар етті.

Отырыста енді заңдылықтың өрескел бұзылуы анықталған жағдайда жоғары тұрған сот инстанциясы судьяны өрескел заң бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша ұсыну енгізеді. Бұл ұсыну міндетті түрде Сот жюриінің қарауына жіберіледі, делінді.

Барлық баяндамалардан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар сот реформасының басымдықтарын, сот өндірісіне қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру (ЖЖА) материалдарын қарау барысында туындайтын проблемаларды талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар осы жаза түрлерін қолдану критерийлерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізді.