Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Білікті заңгерлер мәселесі

2025 жылғы 11 сәуір                                                              Астана қаласы

    Депутат Н.Дементьеваәріптестерімен бірге Сенатта өткен заң білімін дамыту тақырыбына арналған Парламенттік тыңдауға қатысты.

    Аталған жиында Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Әділет министрі Е. Сәрсембаев, осы саладағы белгілі ғалымдар – З.Баймолдина мен И.Борчашвили баяндама жасады және еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының ректорлары мен сарапшылар сөз сөйледі.

    Іс-шара барысында депутаттар мен сарапшылар мүдделі тараптармен бірге сот және құқық қорғау жүйелерінің кадрлық әлеуетін нығайту, сондай-ақ, заң шығару қызметінің сапасын арттыру мәселелерін талқылып, осы бағыттағы ұсыныс-пікірлерін айтты.

    Жиында Сенат Төрағасы М.Әшімбаев Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында адами капиталды дамыту, білім берудің заманауи үлгісін қалыптастыру, білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа форматтағы кадрларды кешенді даярлау маңызды міндет екеніне атап өткенін айтты. Мемлекет басшысы жұртшылықтың назарын аударып отырған «Заң және тәртіп» қағидаты құқықтық мемлекеттің іргетасы болып табылады. Кәсіби заңгерлердің біліктілік деңгейі қоғам мен мемлекеттің барлық саласына тікелей әсер ететіні айтылды. Осыған орай Құқықтық білім беруді дамыту тұжырымдамасы әзірленді.

    Сонымен қатар отырыста бірқатар маңызды проблемаға назар аударып, оларды оңтайлы шешу үшін қолға алынған жұмысты жан-жақты пысықтау және озық халықаралық тәжірибені тыңғылықты зерделеу қажет екені айтылды. Бұл ретте еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкессіздіктің болуы және білікті заңгерлердің тапшылығы өте өзекті. Білім және ғылым саласының өкілдері де кездесетін проблемалардың қатарында білім алушылардың сауаттылығы мен ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу деңгейінің төмендігі, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қаржыландырылмауы және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы жүзеге асыратын ғылыми жобалар мен зерттеулерді қолдау шараларының жеткіліксіздігі, сондай-ақ тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі бар. Қазіргі проблемаларды оңтайлы шешу және жағдайды жақсарту үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және білім беру мекемелерінің үйлестірілген күш-жігері қажет.

    Парламент Сенатының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, іс-шара барысында заң саласының кәсіби стандартын әзірлеу мен бекітудің маңызы да ерекше атап өтілді. Түлектердің құқықтану салалары бойынша тәжірибелік жұмыс дағдылары мен мамандану мәселелері де назар тыс қалған жоқ. Тыңдау аясында айтылған ұсыныстар зерделеніп, соның нәтижесінде тиісті ұсынымдар әзірленеді және Үкіметке жолданады.