2025 жылғы 15 мамыр Астана қаласы
Депутат Н.Дементьева әріптестерімен бірге Мәжілісте өткен «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы»Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымына қатысты.
Заң жобаларының осы блогы құқық бұзушылық профилактикасы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты белгілеу, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамда заң орындау бойынша құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында әзірленді. Заң жобасында алғаш рет Қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы), құқық бұзушылық жасаудың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынылатын шаралар туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бағалау көзделеді.
Ішкі істер вице-министрі В.Лепеханың мәліметінше, біртекті бес заңның нормалары бір Заңға шоғырландырылады. Бұл ретте профилактика субъектілерінің тізбесі мен құзыреті, сондай-ақ белсенді азаматтарды көтермелеу жүйесі кеңейтіледі. Олардың қызметін үйлестіру құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия арқылы жүзеге асырылып, оның мәртебесі жоғарылайтын болады. Бұдан басқа, құқық бұзушылық профилактикасының шараларын күшейту (құқық бұзушылық профилактикасының арнайы шаралары, виктимологиялық профилактика енгізіледі), сондай-ақ профилактикалық есепке алуға және бақылауға жататын адамдардың тізбесін кеңейту көзделеді. Жалпы құқық бұзушылық профилактикасының ерте алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа теңгерімделген жүйесін қалыптастыру жоспарланады.
Сондай-ақ құқыққа қарсы контентті таратқаны және органдардың (лауазымды адамдардың) құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарын қайталап орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу көзделеді.
Депутат «қоғамға қарсы мінез-құлық» анықтамасы негізіне жүктелген жалпы қабылданған мінез-құлық пен мораль нормаларын бұзатын жеке тұлғаның әрекеттеріне қатысты мәселені көтерді.