2025 жылғы 15 мамыр Астана қаласы
Депутат Н.Дементьева бастамашылық жасалған Жылжымайтын мүлікпен делдалдық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі заң жобасын қарау бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында баяндама жасады.
Ведомствоаралық комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікпен делдалдық қызметтер мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылды.
Осы мәселе бойынша баяндай келе, Н.Дементьева бұл реттеу үшін жаңа реттеулер енгізу әрекеті емес, елдің мыңдаған азаматтарының күнделікті өмірін қозғайтын проблеманы шешу үшін жасалған нақты қадам.
«Қазақстандағы риелторлық қызмет көптеген жылдар бойы азаматтардың алаңдаушылығын тудырып келеді.
Риелторлық қызметтер нарығында жылжымайтын мүлік агенттігінде де, дара ЖК тіркелген жағдайда да жұмыс істемейтін кездейсоқ адамдар бар. Бұл ешқандай риелторлар емес. Өкінішке орай, бүгінде мұндай заңсыз қызмет ететіндердің саны шамамен 30% -ды құрайды.
Қалыптасқан жағдай біздің азаматтардың құқықтарының өрескел бұзылуына әкеледі: бір пәтер бірнеше клиенттерге тапсырылады, көптеген отбасылар алдын ала төлем ретінде енгізілген ақшасынан айырылады, балалары бар отбасыларды меншік иелері ескертусіз және шығындарды өтеусіз пәтерден шығарады. Бұл ретте шарттардың болмауы жосықсыз жалға берушілер мен риелторлардың жазасыз қалуына әкеп соғады. Көптеген риелторлар мәміленің заңдық тазалығына жауап бермейді. Риелторлар мен жалға берушілердің «қара» тізімі туралы ақпарат азаматтарға қолжетімді емес. Бұдан басқа, жалға берілетін тұрғын үйдің көлеңкелі секторы заңсыз жалға алынған пәтерлерді қылмыскерлер пайдаланған жағдайларда қоғамдық және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді.
Осыны ескере отырып, «AMANAT» партиясының депутаттары Қазақстандағы риелторлық қызметті реттеуге бағытталған заң жобасына бастамашы болды.
Ведомствоаралық комиссия отырысында министрліктердің өкілдері заң жобасын қолдап, тиісті ұсыныстар берді», - деп атап өтті Н.Дементьева әлеуметтік желілердегі жеке парағында.