2025 жылғы 29 тамыз Астана қаласы
Тәуелсіздік сарайында «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда Мемлекет басшысы сөз сөйледі
Ақорда сайтының ақпараты бойынша, Президент Қ.Тоқаев Ата заң еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуды, сондай-ақ заңды мүлтіксіз сақтау және адал азамат идеологиясын ілгерілетуді көздейтін жаңа қоғамдық келісімнің айқын нышанына айналды. Заң үстемдігі – әділетті қоғам құруға және азаматтарымыздың берекелі өмірін қамтамасыз етуге апаратын төте жол. екенін атап өтті.
Конференция шеңберінде «Теңдіктің конституциялық кепілдіктері, сот төрелігін қорғау және оған қол жеткізу құқығы», «Конституциялық тұрақтылық және қорғау: заң және тәртіп болашақтың негізі ретінде», «Норма шығармашылығы және конституциялық заңдылық: құқық болашақтың навигаторы ретінде», «Конституциялық бірегейлік: бірлік, келісім және ұлт тұрақтылығы» сессиялары өтті.
Депутат Н.Дементьева әріптестерімен бірге осы салтанатты жиынға қатысты. «Бүгін Ел Президенті Қ. К.Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде өте маңызды ойлар айтты. Өзіме ерекше әсер еткен тұстарын бөліскім келеді.
Конституцияның қабылдануы – еліміздің тарихи белесі;
Ата Заң – мемлекеттіліктің тұғыры, тәуелсіздіктің темірқазығы;
Қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесі (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысы – нағыз дала заңының жарқын үлгілері ) мен қазіргі Конституция арасында сабақтастық бар;
ХХ ғасырдың басындағы зиялылардың еңбегі және Кеңес дәуіріндегі заңгерлердің рөлі әділ бағаланды. Бұл сөз – патриотизмді күшейтіп, заңға құрметті арттыратын үндеу.
2022 жылғы реформа – еліміздің конституциялық таоихындағы ең маңызды әрі мазмұнды өзгеріс болды. Президент бұл шешімді өте күрделі саяси жағдайда қабылдады, басты мақсат – Конституцияның негізгі ережелерін сақтау болды.
Конституция бағыттарының үштен бірі жаңартылды.
Әділдік, Ашықтық, Есептілік, Жауапкершілік қағидаттары енгізілді.
Азаматтардың Конституцияға деген сенімі нығайды.
Мен үшін ең бастысы – бұл реформа халық бірлігі мен саяси тұрақтылықты сақтап, қоғамды жаңартуға жол ашты» - деп бөлісті әлеуметтік желіде депутат.