2024 жылғы 8 қыркүйек Астана қаласы
Депутат Н. Дементьева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында болды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі Astana Arena стадионында өтті. Оған 2 мыңнан астам спортшы мен 89 елдің ресми өкілдері қатысты.
Н.Дементьева атап өткендей, іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды қарсы ала отырып, Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев Көшпенділер ойындары – жас ұрпаққа табыстау үшін баға жетпес мұраны қорғауға бағытталған ерекше жоба екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындары халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізетініне сенім білдірді.
Салтанатты рәсім Қазақстан жерін мекен ететін түрлі этнос өкілдері балаларының шеруінен басталды. Еліміздің туы көтеріліп, мемлекеттік әнұран орындалды. Содан кейін қатысушы елдер делегацияларының дәстүрлі шеруі өтті. Биылғы жылы Ойындарға Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, сондай-ақ Австралия спортшылары қатысты. Іс-шара көшпелі өркениеттің бай мәдениеті мен тарихына, салт-дәстүрлеріне, сондай-ақ ортақ үйіміз – Жерді сақтауға арналған театрландырылған қойылыммен жалғасты.
Н.Дементьеваның пікірінше, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары біздің елімізге ғана емес маңызды іс-шара. Бұл қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасының насихаты және өскелең ұрпақ үшін патриоттық құрамдас бөлік болып табылады. Бұл осындай бірегей көріністі тамашалауға, көшпелі халықтардың көп қырлылығы мен рухани құндылықтарын сезінуге және көшпенділер мәдениетіне кірігуге келген көптеген туристер үшін зор мүмкіндіктер ашады.