2024 жылғы 1 қазан
Депутат Н.Дементьева бейне-конференц-байланыс режимінде өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтың отырысына қатысты.
Биыл Беларусьте бірыңғай дауыс беру күні өтті, оның барысында Өкілдер палатасы мен жергілікті депутаттар кеңестерінің депутаттары сайланғанын айту маңызды. Осыған байланысты парламентарийлердің кездесуі таныстыру сипатында өтті. Сондай-ақ, оларға екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға жақсы мүмкіндік туды.
Топтардың жетекшілері – Қазақстан тарапынан – П.Казанцев, Беларусь тарапынан – М.Ленчевская Беларусь пен Қазақстан экономикадағы және басқа да салалардағы маңызды стратегиялық серіктестер болып табылатынын, олардың ерекше және ұзақ мерзімді қарым-қатынастары бар екенін атап өтті. Өткен шақырылымдағы әріптестермен достас елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға септігін тигізген тығыз және жұмыс бабындағы байланыстар болды.
Тараптар аталған ақпараттық кездесу парламентаралық ынтымақтастықтың алдағы қадамдарын айқындауға мүмкіндік беретініне және мұндай бірлескен кездесулер дәстүрге айналатынына сенім білдірді. Олар екі ел халықтарының мүддесі үшін әрі қарай да сындарлы сенімді диалог арнасында достастық өзара қарым-қатынастарды дамытуға күш салу қажеттігін атап өтті.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан тарапынан Мәжіліс депутаттары және Беларусь тарапынан олардың әріптестері сөз сөйледі.
Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кооперация, инновациялар, энергетика және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық, ұлттық қауіпсіздік және мәдениет мәселелері бойынша ынтымақтастық бағыттары туралы әңгіме болды.
Отырыс барысында іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Беларусь парламентарийлердің ынтымақтастығы жөніндегі топтардың келесі отырыстарын жоспарлады.
Н.Дементьеваның пікірінше,Қазақстан мен Беларусьтің әлеуметтік, аграрлық, көлік сияқты маңызды салалардағы ынтымақтастығы екі елге де өзара тиімді пайда әкеледі. Әлемдегі күрделі геосаяси ахуалы жағдайында елдер арасындағы келіспеушіліктерге жол бермеу үшін диалог құру өте маңызды.