Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламентаралық ынтымақтастық

2024 жылғы 25-27 қараша                                                                  Мәскеу қ.


Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары М.Магеррамов және Н.Дементьева Мәскеу қаласында өткен «ТМД елдерінің парламентаралық ынтымақтастығындағы саяси партиялар мен блоктар фракцияларының өзара іс-қимылының рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Конференциясының бағдарламасында делегациялар үшін Мәскеу Кремлінің мұражайларына бару, Кремль қабырғасындағы Белгісіз Жауынгер зиратына гүл қою рәсімі көзделді.

«ТМД елдерінің парламентаралық ынтымақтастығындағы саяси партиялар мен блоктар фракцияларының өзара іс-қимылының рөлі» атты халықаралық конференцияның отырысы Мемлекеттік Думаның Колонна залында өтті.

Отырыс барысында өзара іс-қимылдың мұндай форматы парламентаралық диалогтың тиімділігін арттыруға үлес қосатыны атап өтілді. Конференция аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған баяндамалар тыңдалды. Делегаттар арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь және басқа да елдердің өкілдері болды. Қатысушылар осы айтулы күннің маңыздылығы мен оған өз елдерінің қатыстылығын атап өтті. Біздің ағаларымыз жаубен күресте жеңіске жетіп, жеңісті қамтамасыз етті, біз оны жадымызда сақтаймыз және бейбітшілікке ұмтыламыз деген сөздер айтылды.
          Жиынға Қазақстаннан Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Магеррамов және Н.Дементьева қатысты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы айта келе, М.Магеррамов өз сөзінде қазақстандықтардың Брест бекінісін қорғауға, Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград шайқасына, Орлов-Курск доғасындағы шайқасқа және т.б. қатысқанын атап өтті. Қазақстандықтар басқа халықтармен бірге Ұлы Отан соғысының түрлі майдандарында шайқасты, партизандық қозғалыстарға қатысты, Еуропа елдерін фашистік оккупациядан азат етті, Берлинге шабуыл жасады және рейхстаг үстіндегі Жеңіс Туын көтерді.

Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін КСРО жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен Қазақстанның жүз мыңдаған жауынгерлері марапатталды. 497 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыс жылдарында Қазақстан армия үшін сенімді тыл болды. Дәл осы жерде, санаулы айларда эвакуацияланған кәсіпорындар қабылданып, өрістетілді. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Бигелдинов, Б.Момышұлы, Л.Беда, С.Луганский және басқа да Ұлы даланың ұлдары мен қыздарының ерлігімен ерекшеленген. Ал Ж.Жабаев сияқты ақындар майдандағы және тылдағы жауынгерлердің патриоттық рухын жалынды сөздерімен көтерді.

Сондай-ақ, депутат олардың алдында тұрған міндет – жас қазақстандық азаматтар арасында оқу-ағарту жұмыстарын жалғастыру, Ұлы Отан соғысын, халық батырлығын еске алу, ардагерлерді қолдау және жаңа ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу екенін атап өтті. Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды есте сақтайды және әрқашан халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты жақтайды.

Сол күні делегаттарға Халықаралық конференцияның өткізілуіне орай Мемлекеттік Дума Төрағасы В.В.Володиннің атынан ресми түскі ас берілді

Н.Дементьеваның пікірінше, іс-шара жоғары деңгейде, жылы және достық атмосферада өтті, ТМД елдерінің парламентаралық ынтымақтастығын дамыту жөнінде түрлі ой-пікірлер айтылды.