Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ынтымақтастық перспективасына

2025 жылғы 26 ақпан                                                                                                                               Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева Парламенттің әйел депутаттарының Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың әйел басшыларымен кездесуіне қатысты.

Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, отырыс Мәжілісте өтті, оған Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Латвия, Ұлыбритания, Румыния, Германия, Грекия, Вьетнам, Швеция, Венесуэла, Австрия, Тайланд, АҚШ, Солтүстік Македония, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі және БҰҰ-әйелдер құрылымы секілді бірқатар елдің төтенше және өкілетті елшілері мен уақытша сенімді өкілдері қатысты.

Кездесуде бұл жиын тек жүзбе-жүз кездесіп, маңызды мәселелер бойынша пікір алмасуға ғана емес, ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын айқындауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.