Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Күн тақырыбында

         

2025 жылғы 23 сәуірде

жарияланды                                                                                                         Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевқа

                                                                                                               

                                                                                                                         Депутаттық сауал


Құрметті Ермек Беделбайұлы!

    Жасөспірімдер қылмысы – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер қылмысының 1914-тен 1867-ге дейін 2,5% -ға төмендеуіне қол жеткізілді. Жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылықтары әсіресе Алматы және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

    Қылмыстар өздерінің қатыгездігін байқатады, соның ішінде Семейде бір топ оқушының жасөспірімді ұрып-соғуы, Теміртауда бір топ кәмелетке толмағандардың қарт зейнеткерді қорлауы, Алматының сауда орталығында бір топ қыздардың жасөспірімдерді қорлауы.

    Өкінішке орай, мұндай фактілер аз емес.

    Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Қазақстанда кәмелетке толмаған қылмыскерлердің орташа жасы 16-17 жасты құрайды. Құқық бұзушылықтың басым бөлігін жасөспірімдер топта жасайды, бұл – кісі өлтіру, зорлау, ұрлау, қорқытып алу және тонау сияқты қылмыстар.

    Бас прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында балалардың құқықтарын қорғау саласында кемшіліктер анықталған. Негізгі кемшіліктер «күрделі» жасөспірімдермен жұмыстың нашарлығына, психологтар мен қорғаншы органдар қызметкерлерінің біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты болды.

    Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 8 мыңнан астам психолог- педагог және 4 мың әлеуметтік педагог жұмыс істейді. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының саны шамамен 2500 адамды құрайды. 1 учаскелік инспекторға қалада 5600, ауылдық жерлерде – 4600 кәмелетке толмағандар келеді. Елімізде 7000-нан астам мектеп пен 700-ге жуық колледж жұмыс істейтінін ескерсек, полиция қызметкерлерімен барлық оқу орындарын қамту қиын.

    Кадрлар жетіспеушілігі тек өңірлерде ғана емес, мегаполистерде де байқалады. Мысалы, Астанада жыл сайын жаңа мектептер ашылып, балалар саны артып келеді, мамандар тапшылығы проблемасы да өте өткір мәселе болуда. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бір инспектор екі-үш оқу орнын қамтыса, ол жұмыс жүктемесіне байланысты оқу нысандарына жиі барып тұра алмайды.

    Ата-аналар тарапынан бос уақыттың бақылаусыз қалуы – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар жасауының тағы бір себебі.

    Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, соңғы 3 жылда кәмелетке толмағандардың ата-аналарысыз немесе заңды өкілдерісіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерлерде болғаны үшін (Кодекстің 442-бабы бойынша): 2022 жылы – 82 мың, 2023 жылы – 96 мың, 2024 жылы – 112 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Жасөспірімдер көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалып, бос уақытының көбін әлеуметтік желілерде және «Тик-Ток» көрумен өткізеді, онда  неше түрлі «пранкерлер» айналадағы ортаға қарсы тұруда негізделген өздерінің псевдоидеологиясын қалыптастырады.

    Жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы тәрбие жұмысын «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасына шоғырландыруды тапсырды. Осы бағдарлама аясында жасөспірімдердің бос уақытын мектепте де, мектептен тыс та толық ұйымдастыруды үйлестіру керек деп санаймыз. Құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар деструктивті ортаға қайта тартылып кетпеу үшін оңалтудан және дұрыс әлеуметтендіруден өтуге тиіс.

    Жалпы бiлiм берудiң қазiргi заманғы жүйесiнде жалпыға бiрдей мемлекеттiк сипаттағы жасөспiрiмдердiң қозғалыстары өте аз, әрине.

    Осындай бұқаралық бос уақытты ұйымдастыру бағытын – спортты дамыту және елімізде бұқаралық футболды танымал ету туралы Президент: «Балалар мен жасөспірімдерді футболға тарта отырып, сауықтыру мен нашақорлық проблемасын едәуір дәрежеде шешуге болады», - деді. Бұл бір ғана бағыт.

    Спорттық іс-шаралардан басқа шығармашылық, зияткерлік қозғалыстар да көпшілік назарына ұсынылуы мүмкін, онда жасөспірімдер деструктивті ойларға және құқыққа қайшы іс-әрекеттерге уақыт қалдырмай, оң істермен айналысар еді.

Құрметті Ермек Беделбайұлы!

Жоғарыда баяндалғанның негізінде:

1. «Қазақстан балалары» бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес заңға бағынушылықты, патриотизмді, адамгершілікті қалыптастырудағы мемлекеттік құрал ретінде жаппай балалар мен жастар қозғалыстарын дамыту және ілгерілетуі қарастырылсын;

2. Учаскелік инспекторлар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу және құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін жауаптылықты түсіндіру бойынша шаралар күшейтілсін;

3. Мектеп психологтарының құқық бұзушылық жасауға бейім «тәуекел тобындағы» кәмелетке толмағандарды ерте анықтауға бағытталған бағдарламалар және  психологиялық көмек көрсету бойынша онлайн-платформалар қайта қаралсын деп есептейміз.

Депутаттық сауалды қарау нәтижелері және оларды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.



Құрметпен,  

Депутат                                                                                                                                      Н. Дементьева

Депутаттар, «AMANAT» партиясы

Фракциясының мүшелері