ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары Родниковка ауылы тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары Родниковка ауылы тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары Дәния Еспаева және Асқар Садықовтың Ақтөбе облысындағы іс-сапары өз жалғасын табуда.

Таң сәресімен, Мәжілісмендер Мәртөк ауданы Родниковка ауылына жол тартты.Іс-сапар,ең алдымен, Родниковка ауылы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесуден басталды. Кездесуге ауыл тұрғындарынан 50 ге жуық адам қатысып, өздерін толғандыратын мәселелерді көтерді. Өз кезегінде, Мәжіліс депутаттары ауыл тұрғындарын мазалаған ауыз су , ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту мәселелері тереңірек тоқталып өтті.

Сонымен қатар, тұрғындардың «Ауыл аманаты» жобасы аясында туындаған сұрақтарына Парламент өкілдері жеке қабылдау жасап, түсіндірме жұмыстарын жасады.