Құрметті әріптестер!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.
«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәртебесін құқықтық реттеудің негізгі қағидаттары қызметті ұйымдастыру және тиімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның құқықтық мәртебесі ерекшеліктерін айқындау, жеке және заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден тұратын, бірыңғай провайдер ретінде оның қызметінің мәні мен мақсаттарын регламенттеу қажеттілігіне негізделеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттің миссиясы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды жинауға және дайындауға барынша аз қатысуы және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеу болып табылады.
Заң жобасында келесі заңнамалық актілерге түзетулер енгізу ұсынылады:
-Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мына бөлікте:
- мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға олардың тарапынан теріс пайдаланулар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы мақсатында қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін жатқызу;
Сонымен қатар, заң жобасында Қазақстан Республикасының 12 Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне мына бөлікте:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұғымын одан қызмет бағыттарына нұсқауларды алып тастау жолымен оңтайландыру және әмбебаптандыру, бұл бірыңғай провайдер арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайту және заңнамадағы ұғымды әр уақытта өзгертпей өз бетінше үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Одан да басқа «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мына бөлікте:
- «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі шеңберінде өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша құзырет беру, бұл азаматтар үшін әкімшілік органдарға жүгінуге және жауап алуға, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылауға қолжетімді мүмкіндікті қамтамасыз ететін пилоттық режимде тексерілген жүйені пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді.
Осыған орай, құрметті әріптестер, бұл Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет!