Құрметті Ерлан Жақанұлы!
Құрметті депутаттар!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіру мақсатында бастамашылық жасады.
Заң жобасында:
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қолжетімділігі бар мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға жатқызу. Қылмыстық кодекске және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енгізілуде.
Бұл түзетулер Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тарапынан теріс пайдалану мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Қолданыстағы заңнамада көзделген құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның осы қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілгендерге теңестірілген ретінде жауапты болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұғымын одан қызмет бағыттарына нұсқауларды алып тастау жолымен оңтайландыру көзделген.
Бұл бірыңғай провайдер арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайту бойынша үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік корпорацияға ақпараттық жүйе шеңберінде өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру.
Бұл норма азаматтарға әкімшілік органдарға* жүгінуге, жауап алуға, сондай-ақ өтініштерді қарау сапасын бақылауға мүмкіндік беретін пилоттық режимде тексерілген жүйені ("Е-отініш") пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді.
Құрметті әріптестер, осы заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет.