Исабеков
Данабек
Ержанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобасы бойынша қосымша баяндама

«1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Үкімет ұсынған Заң жобасын Бас комитет қарап шықты.

Екі ел арасындағы бұл Хаттама 2022 жылғы 26 мамырда Бішкек қаласында жасалды.

Заң жобасының басты ережелері жөнінде жаңа ғана Әділет министрі толыққанды баяндап шықты.

Заң жобасы екі ел арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсетудің тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ әрбір тараптың аумағында құрылған жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтінішхаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі Тараптың құзыретті мекемелерін өзгерту мақсатында екі ел арасындағы Шартқа өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін тиісті Хаттамаға қол қойылды.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының
4-тармағына сәйкес Хаттама ратификациялауға жатады.

Заң жобасы бойынша, Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері, оң қорытындыларын берді.

Бас комитеттің отырысы мен жұмыс тобы өткізілді, түзетулер келіп түскен жоқ.

Осыған орай, құрметті әріптестер, бұл Заң жобасын қабылдап, Парламент Сенатының қарауына жолдауды ұсынамыз.