Исабеков
Данабек
Ержанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды беруде азаматтарға көмек көрсету туралы депутаттық сұрау салу

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрдің орынбасары

Т.Б.Дүйсеноваға

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

Б.Н. Асыловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Тамара Босымбекқызы!

 Құрметті Берік Ноғайұлы !

Біздін депутаттық сауалымыз Шымкент қаласы әуежайына іргелес аумақтарда тұратын адамдардың жанайқайы.

Бүгінде республика бойынша әуежай маңындағы аумақ шегінде белгіленген шектеулерді сақтау мақсатында,  онда заңсыз орналасқан тұрғын үйлерді және басқа да ғимараттарды бұзу және жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы бойынша әуежай шекарасынан 100 метр қашықтық осындай қауіпті аймақ деп белгіленген.

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша,Шымкент қаласының әуежайы бойынша осындай қызыл сызық аумағында барлығы 284 (139,0 га) жер учаскесі орналасқан.

 Онда басқа объектілермен қатар, халық тұратын 179 жеке меншік тұрғын үй орналасқан. Олардың ішінде  128 үйдің құжаты бар, ал қалған 51 үйдің заңдастырылмағаны, жер учаскесін иелену туралы мемлекеттік актісі жоқ екені анықталған.

Мұндай жағдайдың республиканың барлық өңірлерінде орын алып отырғаны белгілі.

Бұған дәлел - Бас Прокуратураның мәліметі, ол бойынша, аэродром маңы аумағында тиісті келісімі алынбаған 100 мыңнан астам құрылыс нысандары салынған.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша әуежай шекарасынан
100 метрлік аумақта орналасқан тұрғындарға олардың жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару туралы хабарлама тарату жұмысы жүргізіліп жатыр.

Алайда, жер учаскелерінің алынатындығы тұрғындар арасында үлкен қобалжу мен алаңдушылық туғызып отыр. Әсіресе 15-20 жылдан бері осы жерде тұрып жатқан, алайда  үйлері заңдастырылмаған 51 отбасы баспанасынан айырылып қана қалмай, сонымен қатар, олар мемлекет тарапынан нарықтық бағамен берілетін өтемақыны да алуға құқықтары болмайды.

Бұл жағдай Шымкентте халық арасында дүрбелең туғызуы ықтимал фактор.

AMANAT Фракциясы қандай да бір шешім қабылданған кезде, азаматтардың мұң-мүддесі ескерілуі тиіс деп есептейді!

Сондықтан:

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің

депутаттары, 

«AMANAT» партиясы

фракциясының мүшелері                                                     Д.Исабеков  

                                                                                                    Е.Саиров

                                                                                                    Т.Қырықбаев

                                                                                                    Ұ.Сәдібеков

                                                                                                    Б.Нажметдинұлы

бірмандатты депутат                                                              Б.Базарбек

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының мүшеcі                                                             Г.Танашева