Исабеков
Данабек
Ержанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шымкент қаласында орналасқан Шымкент мұнай өңдеу зауыты тарапынан зауыт маңында орналасқан тұрғындарға келтіріліп отырған экологиялық залал туралы депуттатық сауал.

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

А.М.Сәтқалиевқа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі

Е.Н. Нысанбаевқа

                                   «Самұрық-Қазына АҚ

                                Басқарма төрағасы

                                                                   Н.Қ.Жақыповқа

Депутаттық сауал

        Құрметті Алмасадам Майданұлы!

Құрметті Ерлан Нұралыұлы!

   Құрметті Нұрлан Қаршығаұлы!

Менің депутаттық сауалым Шымкент қаласында орналасқан Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроКазахстан Ойл продактс» ЖШС) тарапынан зауыт маңында орналасқан тұрғындарға келтіріліп отырған экологиялық залал туралы.

Өздеріңізге белгілі Шымкент мұнай өңдеу зауыты (бұдан әрі - Зауыт) еліміздегі ең ірі үш мұнай өңдеу зауытының бірі және жылдық қуаттылығы 6 млн. тоннаны құрайды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Смайыловтың Шымкент қаласына іссапары барысында айтылғандай Зауыттың жылдық қуаттылығын 12 млн. тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, зауыттың 50% акциясына Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясы иелік етеді. Яғни, Зауыт халықаралық компания әрі жоғары бақылаудағы жоба екенін белгілі.

Тұрғындардың айтуы бойынша Зауыт тарапынан Экологиялық заңнама талаптары сақталмай түңгі уақыттарда шамамен 02:00-04:00 аралығында улы заттардың дүркінді шығарынды (залповые выбросы) шығарылады, сол маңда тұратын менің сайлаушыларым, атап айтқанда Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Қарабастау (8932 тұрғын), Қаратөбе (8756 тұрғын),  Бадам (3562 тұрғын), Жалын (3474 тұрғын), Жұлдыз (2758 тұрғын) ауылдарының 27 482 тұрғыны Зауыттан шыққан иіске уалынып, жаз уақытында үйлерінің терезесін аша алмай отырғанын бірнеше рет көтерген болатын.

Сонымен қатар, тұрғындардың айтуынша елді мекендерде қатерлі ісік ауруы жиілеп кеткен.

Бұл мәселе бойынша, тұрғындар жергілікті билік өкілдерімен бірнеше рет кездескен. Мәселе шешімін таппаған, тіпті тиісінше қаралмаған. 

Осы тұрғындардың жан-айқайы қайта-қайта әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында айтылуда.

Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасының өзекті басымдығы ретінде ауаны ластап отырған өнеркәсіптердің теріс істерімен күресетінімізді әрбір сайлаушыға жеткізген болатынбыз. Осы уәдемізді орындау – халықтың аманатын арқалау – біз үшін үлкен жауапкершілік. Әр азамат лайықты өмір сүруге құқылы! Сондықтан жоғарыда аталған елді мекендер тұрғындарының орынды талап-тілектерін Сіздерге жеткізіп отырмын.

Осы ретте, аталған өзекті мәселені шешудің мынадай тетіктерін ұсынғым келеді:

           Сөзімді қорытындылай келе, осы мәселелерді өз құзыреттеріңіз шеңберінде қарастырып, шешімін табуына ықпал етулеріңізді және нәтижесі бойынша хабардар етулеріңізді сұраймын.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің

депутаттары, 

«AMANAT» партиясы

фракциясының мүшелері                                                     Д.Исабеков 

                                                                                                    Е.Сатыбалдин

Ж.Амантайұлы

 

                                                                                                    

«Ақжол» Қазақстан Демократиялық

партиясы фракциясының мүшелері                                   Қ. Иса

                                                                                                     Е. Бейсенбаев

Жалпыұлттық социал-демократиялық

партиясы фракциясының мүшеcі                                        Н.Әуесбаев

Н.Сайлаубай

«Respublica» партиясы

фракциясының мүшеcі                                                           Р.Берденов

Бірмандатты депутат                                                              А.Назаров

Д.Қасқарауов