https://www.facebook.com/iskandirov.m/posts/pfbid0NnN3J2i83uA3ADWuahS2t3X2e8B1spjuhtzuLpj4tFJ3b36v5MwAXLG6zwmaPdv4l
Бүгін «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Уақыт тығыздығына байланысты 18 адамды ғана қабылдай алды. Мәселелердің көпшілігі жер кезегі, үй кезегі, жалақы және жұмыссыздық мәселеріне қатысты болды. Алдағы уақытта көтерілген мәселелердің барлығын тиісті құзырлы органдарға жолдап, сұрақтарды жіті назарыма алатын болатындығы айтты. Кездесудің соңында сенім білдіріп келгендер рахметін айтты және сұрақтар мен ұсыныстарға әрқашан ашық екендігін білдірді. Киелі Жамбыл жеріне жиі келіп, халықпен кездесіп тұруға уәде берді.
Кездесуге Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Олжабаева Гаухар Елеубаевна және Тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Түкебаев Асанәлі Әбдімутәліпұлы қатысты.