Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, А.Байпақов Қызыләуіт ауылының жол мәселесі, З.Тошходжаева жылу мәселесі және үй кезегі бойынша айтса, К.Дәуренбеков Қаратау қаласы мен Есейхан ауылы арасындағы 12 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету туралы ұсыныс айтты.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың мәселелеріне заң аясында түсініктеме беріліп, мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етілетінін, жек бақылауға алынатындығы айтылды.