Ескендіров
Мұқаш
Зұлқарнайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Қоғамдық қабылдау

Жаңа жұмыс аптасы “AMANAT” партиясы Жуалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде, аудан тұрғындарына арналған қабылдаумен басталды. 

Қабылдауға Жуалы ауданына қарасты Шақпақата, Б.Момышұлы ауылдарының тұрғындары келді. Өтініш иелері өз ауылдарының мәселесін көтеріп, шешіп беруге көмек көрсетуін сұрады.  Сонымен қатар, Боранды станциясында, су өткізгіш темірбетон құбырының жанындағы, автокөліктердің еркін қозғалуына арналған жол мен көпірді жөндеуге қатысты мәселе көтерілді. Бұл Жуалы ауданында өзекті проблемалардың бірі деуге болады.
Депутат өткен жылы да жалғыз жолды, тозығы жеткен көпір астындағы көлік кептілісін өз көзімен көріп, бұқараның жан-айқайын тыңдап қайтқан. Ауыл ішінде орналасқан темір жолы арқылы тәулігіне 136 жүк тасымалдайтын поезд вагондары өтеді. Бұл мәселені Мұқаш Зұлқарнайұлы Мәжіліс мінберінен Премьер-Министрдің, салалық министрліктің, КТЖ басшылығы алдында да жеткізген болатын. Қазірде тоннел мен автомобиль жолдарын қауіпсіз қалыпқа келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттама, тиісті сарапта әзірленіп жатқанын жән бұл мәселе жеке бақылауында болатынын айтты.
Депутат өз тарапынан халықтың мәселесін көтеріп келген өтініш иелеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта мәселені шешіп беруге ықпал жасайтынын жеткізді.


Image title


Image title


Image title


Image title


Image title


Image title


Image title


Image title


Image title


Image title