Қалықов
Арман
Қобыландыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю. В. Ильинге "«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы»"заң жобасы бойынша сұрақ: 

Құрметті Юрий Викторович!

 Жақында Туркия мен Сирияда күшті жер сілкіністері болды және біздің қазақстандық құтқашылар іздестіру-құтқару жұмыстарына көрсетті.

      Өзіңізге мәлім еліміздің өңтүстік өңірлері, әсіресе Алматы қаласы жоғары сейсмоқауіптік аймаққа жатады.

      Сонымен қатар батыс өңірлерімізде жерқойнауынан қазба байлықтарды игеру, жер астында бос кеңестіктердің пайда болуына себеп болып отыр. Яғни, ол аймақтарда техногендік жер сілкіністердің орын алу қаупі жоғары.

    Бізді толғандырып отырған мәселе айтқан жерден аулақ, егер қаупті жағдай орын алса қазір салынып жатырған құрылыс ғимараттары мен имараттары күшті зілзалаларға төтеп бере ала ма?

    Екінші сұрақ, бұл Орталық және Сіздің министрлік дүлей зілзалалардың қауып-қатерін азайту мақсатында қандай жұмыстар атқарып жатыр?