Қалықов
Арман
Қобыландыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы

«1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстержөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялаутуралы» ҚР Заңының жобасы туралы  заң жобасы бойынша сөз сөйлеу


Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы!

Құрметті әріптестер!


    Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қылмыстық-құқықтық, азаматтық, саяси, әскери салалардағы ынтымақтастық қолданыстағы халықаралық шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарт 1997 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған.

    Бүгін біз аталған Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасын қарастырып отырмыз.

    Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі функцияларды, шешімдерді орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және соттардың өзге де ресми құжаттарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретіне беру бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының  өзгерістеріне байланысты енгізілді.

    Хаттамада құқықтық көмек көрсету тетігін бекіту көзделген, ол өз заңнамасының талаптарын сақтай отырып, азаматтық және қылмыстық істер бойынша бір-біріне өзара құқықтық көмек көрсету бөлігінде Шартты одан әрі іске асыруға бағытталған.

    Негізгі баяндамашы өз сөзінде атап өткендей, Шарт шеңберінде екі ел арасында жемісті ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

    Мәселен, еліміздің уәкілетті мемлекеттік органдарына тек
2022 жылы Қырғызстаннан құқықтық көмек көрсету туралы 305 сұрау салу келіп түсті. Ал 2021 жылы олардың саны – 464 сұрау салуды құрады.

    Хаттаманы ратификациялау екі көрші ел азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

    Мен заң жобасын қолдаймын және әріптестерімнен де оны қолдауын сұраймын.


    Назарларыңызға рақмет!