Қалықов
Арман
Қобыландыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫСЫ

    А.ж. 25 сәуірінде Мемлекет басшысы К.К. Тоқаевтың VIII шақырылымның І сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін іске асыру шеңберінде «Электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа моделін әзрлеу мәселелері туралы» тақырыбында Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

    Аталған іс – шараға Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары А.П. Рау, депутаттар - Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері, министр А. Сәтқалиев бастаған Энергетика министрлігінің өкілдері және т. б. қатысты.

    Отырыс шеңберінде министр Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу жөніндегі заңнамалық нормаларды қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында оның министрлігі электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін енгізуге бағытталған тиісті түзетулер әзірлеу бойынша жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Image title