Экология мәселелері және табиғат пайдалану Комитеті сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес бірінші сессияға «Экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында кеңейтілген тақырыптық отырыс өткізді.
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Е.Т. Жаңбыршин өз сөзінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев елдегі экологиялық проблемаларды шешуге көп көңіл бөлетінін атап өтті. Осылайша, сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық маңызды міндет екенін атап өтіп, Үкімет әзірлеп жатқан Су кодексінің жаңа жобасы шеңберінде су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға ерекше назар аударуды тапсырды.
Экология және табиғи ресурстар министрі З.Б. Сүлейменова Қазақстандағы атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы және қалдықтардың пайда болуы негізгі экологиялық проблемалар болып табылатынын атап өтіп, экологиялық жағдайды, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Министр жалпы ел бойынша 2021 жылмен салыстырғанда ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 2022 жылы 4,1%-ға, ал төгінділер 11,7% - ға төмендегенін хабарлады. Қалдықтарды басқару саласында ҚТҚ өңдеу үлесінің өсуі байқалады. Еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау, сондай-ақ суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру жөніндегі «жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2770 км каналды реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысында «Кесай-Қосқорған» су қоймасының құрылысы аяқталды. Орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша ауқымды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Комитет депутаттары елдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Талқылау барысында көптеген проблемалық және өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды, соның ішінде: қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және оның тиімді жұмыс істеуі; өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату жүйесін дамыту; қоғамдық тыңдауларды және қоршаған ортаға әсерді бағалауды формалды түрде өткізу; су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылысқа рұқсат бергені үшін жауапкершілікті күшейту; ақбөкендердің жайылымдарды жойғаны үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге келтірілген залалды өтеу, сондай-ақ, экология министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде су шаруашылығын дамыту перспективаларын белгіледі.
Депутат С.М. Пономарев министрлікке экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жылдар бойынша жоспарлы мәндерді, аяқталу мерзімдерді мен жауапты орындаушыларды ескере отырып, экологиялық проблемаларды шешу бойынша нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді қалыптастыруға назар аударуды ұсынды.
Отырысты қорытындылай келе, Комитет төрағасы Е.Т. Жаңбыршин экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша мемлекеттің қажеттіліктеріне барынша толық сәйкес келетін стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін өзекті мәселелерді талқылау тәжірибесін жалғастыруды ұсынды.