Қалықов
Арман
Қобыландыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасын дамыту перспективалары туралы» тақырыбында дөңгел

           Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитет Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасын дамыту перспективалары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырысқа Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері-депутаттары, экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, ұлттық экономика, сауда және интеграция, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Дүниежүзілік банкі, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Азия Даму Банкі, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар Кеңесі» қауымдастығы» (АКСИИ), «ECOJER» қауымдастығы, «Жасыл даму» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді аша отырып, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бүгінгі таңда Қазақстанда көміртегі нарығы жұмыс істемейтінін атап өтті. Бастапқы парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы биржаларда жүзеге асырылмайды, офсеттік жобалар тиімсіз, кәсіпорындар СО2 шығарындыларын есептеуде қолайлы жағдайларға ие, ал кәсіпорындардағы есептерді тексеру ашықтық пен сенімділік тұрғысынан күшейтуді талап етеді. Сондай-ақ, Е.Жаңбыршин квоталар саудасын 1990 жылғы деңгейден парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерге байланыстыру қажеттілігі туралы айтты, ондай болмаған жағдайда бұл шығарындылардың ұлғаюы және экологияның нашарлауына әкелетіндігін баса айтты. Экология және табиғи ресурстар министрі шығарындыларға арналған квоталар саудасы жүйесінің ағымдағы жай-күйі, көміртегі квоталарының 4 ұлттық жоспарын және шығарындыларға арналған квоталар саудасы жүйесін реттеудің қолданыстағы тетіктерін іске асыру, бастапқы көміртегі нарығында аукциондық тетікті іске қосу, орындалатын қызметтің сапасы мен ашықтығын арттыру үшін валидация және верификация жөніндегі органдардың қызметін күшейту бойынша жүргізілген жұмыс туралы баяндады. Отырыс барысында депутаттар верификаторлар мен валидаторлардың дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілікке тартылуы туралы, кәсіпорындарды шығарындыларды азайтуға ынталандыру, парниктік газдардың барлық түрлерін кеңейту және оған қосу арқылы квоталық сауда жүйесінің әлеуетін іске асыру, реттелмейтін салалар есебінен парниктік газдарға квоталардың сауда жүйесін кеңейту үшін жауапкершілік туралы мәселелер көтерді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.

Image title

Image title