Ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде: басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлу, Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша жұмыс топтарының жетекшілерін белгілеу және әр түрлі мәселелер қаралды. Комитеттің отырысын комитет төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаев жүргізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, өткен шақырылымнан осы шақырылымға өткен заң жобаларының ішінен Мәжілістің қоржынындағы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Кәсіптік біліктілік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарының жобалары бойынша депутат Данияр Алдабергенұлы жұмыс тобтарының мүшесі болды.