Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің кезекті отырысы өтті.
Онда, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің лауазымына Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің кандидатурасы қаралды.
Комитет мүшелері аталған министрдің кандидатурасын қызу талқыға салып, жасалған жұмыстарына тоқталды. Ұсынылған кандидатураның алдағы уақытта бірігіп тұшымды жұмыс жасайтынына сенім білдіріп, комитет мүшелері бір ауыздан қолдау көрсетті. Отырыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің қызметіне Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің тағайындауға болатыны туралы Комитеттің қорытындысы қабылданды.