Бүгін саланы дамыту мәселелері бойынша Қазақстан АӨК қауымдастықтарының Альянсы Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттарымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Жиынға Қазақстан құс өсірушілер одағы, Астық одағы, Ет одағы, Омарташылар одағының басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелде: АӨК субъектілерінің кірістілігін қамтамасыз ету. Осы мақсатты қамтамасыз етудің негізгі шаралары. Бірыңғай аграрлық салық. АӨК субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділік. Кадрларды даярлау және фермерлердің құзыретін арттыру. Ауылдық аумақтарды дамыту. Суаруды дамыту. Заңнамалық бастамалар жайындағы сұрақтар талқыға түсті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мен Аграрлық комитеттің мүшелері, сындарлы диалог пен өзара іс-қимылдың арқасында бұл саланың міндеттерін табысты шешуге қол жеткізе алатынына сенімділіктерін білдіріп тарқасты.