Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің жалпы отырысында

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында  Мемлекет басшысы Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталып, ел экономикасының 3,2 пайызға өскенін, халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің уақтылы орындалғанын баяндады.

Бұл жиында мемлекет басшысы алдағы уақытта, Үкіметке тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз етуді міндеттей отырып, инфрақұрылымды дамыту, аумақтық саясаттың жан-жақты ойластырып жүргізу, адам капиталының сапасын жүйелі түрде арттыру және мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарау мен жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

Жиын соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ата заңының 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайловтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар аталған ұсынысты бір ауыздан қолдап, мемлекет басшысы ризашылығын білдірді.