Бүгін біздің Аграрлық мәселелер комитетінде «Ауылшаруашылық өндірісін субсидиялау жүйесінің проблемалық мәселелері» жөнінде тақырыптық отырысы өтті. Мұнда субсидиялаудың жаңа жүйесі және біріңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе жұмысындағы проблемалық мәселелер талқыланды. Отырысқа аграрлықмәселелер комитетінің депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігінің және салалық қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен өтті.
Ауыл шаруашылық вице-министрі Бағлан Бекбауов субсидиялау жүйесіндегі кемшіліктер мен олардың шешілу жолдары туралы бандама жасады. Депутаттар, ақпараттық субсидиялау жүйесі толық пысықталмағанын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тарапынан көптеген шағымдар туғызып отырғанын айта отырып, мәселені жан-жақты талқылады.