Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жиын

Бүгін Астана қаласындағы «Сығанақ» бизнес орталығында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Алдабергенұлы Қасқарауов және өзге де Мәжіліс депутаттарының қатысуымен Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдарын енгізу жөніндегі отырыс өтті. Бұл жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім министрліктердің өкілдері мен мұнай-газ саласында тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізу ЖШС-ның өкілі де қатысты.

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының жетекшісі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі  Олжас Темірбекұлы Ордабаев аталған тақырып бойынша алғашқы сөз сөйледі.

Өз кезегінде, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалау кеңсесінің басшысы Ерасыл Темірбекұлы Жұманбаев, Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалау кеңсесінің қызметі туралы тұшымды ақпарат берді. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу туралы тақырыпта ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов баяндама жасады. Жиынның соңында сұрақ-жауаптар мен ұлттық біліктілік жүйесінің көтеру жөніндегі талқылау өтті. Онда кәсіптік біліктілік туралы заң жобасын жұмыс берушілер емес біліктілік жүйесін көтерушілер үлесіне қарай басымдылық беру қажеттілігі айтылды.