Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің тақырыптық отырысы

2023 жылғы 4 мамырда депутат Данияр Қасқарауовтың ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы»  Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің лауазымды тұлғалары қатысты.

Отырыс шеңберінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы баяндама жасап, Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы, нысаналы индикаторлары, жекелеген салаларды дамытуда күтілетін нәтижелері туралы ақпараттарды ұсынды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту жөніндегі міндеттер, қайта өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі шаралар және т. б. айтылды.

Депутаттар тұжырымдаманы іске асыруға қабылданған іс-шаралардың орындалу мерзімдерінің бұзылуына жол бермей оны орындауға жауапты қарау қажеттігін атап, оған қосымша бірқатар тұжырымдамалық ұсыныстар айтты.

Атап айтқанда, еңбек өнімділігі жыл сайынғы инфляцияны ескеру, экспортты дамыту жөніндегі жоспарлар - сауда нарығын реттеу жөніндегі шаралармен өзара байланысты болу, статистикалық деректер – саланың нақты өндірістік көрсеткіштерін көрсету, мемлекеттік қолдау – барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолжетімді болу, микрокредиттеу – жүйелік тәсілді болу және онымен қоса жер беру және өзге де инфрақұрылымдар жөнінде ұсыныстар айтылды.