2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің «Ветеринария саласындағы цифрландыру мәселелері» туралы тақырыптық отырысы өтті.
Отырысқа депутаттар, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партия» ҚБ, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің, «Aitas KZ» АҚ, Аршалы ауданы «Ижевский» ӨК өкілдері және тәуелсіз сарапшылары қатысты.
Онда, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу жануарларды бірдейлендірудің ақпараттық жүйесімен жүргізілетіні айтылды. Бірақ, жүйе айтарлықтай жаңартылмаған. Бұл жүйеге жануарлар туралы мәліметтерді барлық аудандарда құрылған коммуналдық ветеринарлық кәсіпорындардың мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлері енгізуі керек. Бұл деректер әрбір жануардың электрондық ветеринариялық паспорттарында көрсетіледі. Олар электрондық ветеринарлық паспорттарға жедел енгізілуі керек, әйтпесе бұл деректердің өзектілігі жоғалады. Өкінішке орай, іс жүзінде бұл жұмыс істемейді.
Сондықтан да, Қазіргі ӨИС жүйесінің барлық кемшіліктері оның жаңа цифрлық платформасын құру есебінен жойылатыны және АШМ тапсырмасы бойынша "Мал дерек" жүйесі ұсынылатыны жөнінде айтылды. Отырыста жануарларды есепке алу жағдайы туралы толық анықтамалық ақпарат берілді.