7 мамырда Шымкент қаласында аралас жекпе жектен Alash Pride FC 84 лигасы ұйымдастырған халықаралық турнирі өтті.
Турнирге барлығы 3-4 мыңнан астам көрермендер, спортшылар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Оған Иран, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан спортшылары мен қазақтың жаужүрек жігіттері қатысты.
Жарыстың басты оқиғасы жеңіл салмақтағы бокстан әлем чемпионы, ACA Alash Pride чемпионы Қаршыға Дәуітбек пен аралас жекпе жектен әлем чемпионы ирандық Әли Юсефидің жекпе-жегі болды. Жерлесіміз Қаршыға Дәуітбек ирандық Юсефиді нокаутқа жіберді.
Көрермендер өздерінің сүйікті жауынгерлерін белсенді түрде қолдады. Аралас жекпе-жек кеші керемет әсерлі, ал кешті ұйымдастыру ең жоғары деңгейде өтті.
Турнирдің соңында Alash Pride клубының негізін қалаушысы, Мәжіліс депутаты Данияр Алдабергенұлы қорытынды сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.