Бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша: өткен аптаның қорытындысы, бас заң жобаларын қарау, басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша қорытындыларды талқылау мен бекіту жөнінде біршама мәселелер қаралды. Отырыс барысында «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» комитеттің бас заң жобалары бойынша жасалып жатқан жұмыстар талқыланып, комитет мүшелерің сұрақтарына ауыл шаруашылық вице-министрі Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек жауап берді.