26.05.23. Бүгін Алматы қаласында «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігі, ҚР Ауған соғысы ЗТБ ардагерлер ұйымының орталық кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен Қазақтың даңқты қолбасшысы Борис Төкенұлы Керімбаевты еске алу мен өмір жолына арналған «Ер есімі ел есінде» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов, Ауған соғысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты. Зал лықа толды.
Борис Төкенұлы Керімбаев - Қазақта «Қара майор» деген лақап атпен танылған батыр, КСРО Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі, Ауған соғысының ардагері. Оның ерлігі Қазақстанның Батыры атағына әбден лайық деп таныған азаматтар бүгін бір залға жиналды.
Өз кезегімде Данияр Алдабергенұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. С. Көлгіновке бұл мәселені көтеріп депутаттық сауал жолданғаны жөнінде және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейміз, батырлыққа баулимыз десек осындай азаматтарымызды бағалап, олардың жасаған ерлігін жастарға кеңінен насихаттауға тиіс екеніміз жөнінде сөз алды.
Конференцияда қоғамдық бірлестік Данияр Алдабергенұлын Тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын Отан сүйгіштікке тәрбиелеуде және «Ер есімі ел есінде» атты республикалық ғылыми конференция атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.