25 мамырда әріптестерім Еркебұлын Нұрмағамбетұлы және Айдарбек Асанұлымен бірігіп "Ғылым және бизнес, тұқым шаруашылығы" тақырыбын талқылау бойынша, Ақмола облысы Бараев атындағы АШҒӨО ғылыми орталығында болдық.
Онда бізбен бірге, орталық басшылары мен ғылыми орталықтың қызметкерлері қатысты. Ғылыми орталықта сорттар көрмесін тамашаладық, ғылыми-аналитикалық блок және зертханаларын аралап жұмысымен таныстық. Онымен қоса, ғылыми-өндірістік алқаптарға шығып егіс іс-шараларының орындалуымен танысу барысында, Отандық ғылым қалай дамиды? -деген сұрақтарға тікелей ғалымдардың өздерінен жауап алдық.