Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықпен кездесу

2023 жылғы 26 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының мәдениет үйінде әріптесім Мақсат Толықбаймен бірге Қарасай ауданының 13 ауылының тұрғындарымен кездесіп қайттық.

Жиналыстың күн тәртібіндегі ең басты мәселе "Сигма-Газ" ЖШС-нің заңсыз тарифтік саясатын талқылау мәселесі болды.

Жиынға қатысып сөз сөйлеген тұрғындар, тауарлық газды тасымалдау және өткізу кезінде, халықтың арасында туындап жатқан проблемаларына «Сигма газ» ЖШС-і және аудан әкімдігінің немқұрайлы қарауы жөнінде айтты. Атап айтсақ: газ тарифінің күрт көтерілуі, ЖШС басшылығының көрсетілген тарифке қандай да бір құжат ұсынудан бас тартуы, ЖШС басшылығы осы күнге дейін олқылықтарды жою үшін шаралар қабылдамағаны және тағы басқа мәселелер. Халықпен кездесудің арқасында ЖШС-нің 10 000-ға жуық абоненттің, яғни бұл ауданның 250 000-нан астам тұрғынының құқықтарын бұзып отырғанына көз жеткіздік.

Осыған байланысты, ауыл тұрғындары, бізден халықтың шиеленісті жағдайын шешіп беру мақсатында тек "Сигма-Газ" ЖШС және ЖШС "Сигма"  қатысты тексеруге мораторийдің күшін жоюға жәрдемдесуді сұранды. Осы күрделі әлеуметтік жағдай мен ауданның мыңдаған тұрғындарының  «Қазақстан бойынша табиғи газға ең қымбат тарифпен төлеп отырмыз» деген шағымдары әріптесіммен бірігіп депутаттық сауал жасауға негіз болды.