Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Үкімет сағаты

Бүгін Мәжілістің қабырғасында «Қазақстан Республикасының елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі туралы» тақырыбында үкімет сағаты өтті. Бұл іс шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров баяндама жасады. Өзге министрліктердің құзыретті өкілдері қатысты. Ал жергілікті атқару органдарының өкілдері бейнеконференц байланысы режимінде ат салысты.

Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде, Ұлттық экономика министрлігі әртүрлі елді мекендер үшін Өңірлік стандарттар жүйесін әзірлегені, бұл жүйе халыққа қажетті объектілер мен көрсетілетін қызметтердің нақты тізбесін қамтитыны жөнінде айтты. Өңірлік стандарттар жүйесі өңірлік даму саласында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарымен интеграцияланған. Онымен қоса, министр әр саладағы Өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштерін мониторингтеу жайында толық түсініктеме берді. Бүгінгі таңда Өңірлік стандарттар жүйесі өңірлік диспропорциялардың себептерін анықтауға мүмкіндік беретін құжат болып табылады.