2023 жылғы 19 маусым «Қант қызылшасы өндірісін ұлғайту мәселелерін қоса алғанда, жеміс-көкөніс өнімдері импортын алмастыру, оларды өңдеу және сақтау мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Бұл отырысты Мәжіліс Төрағасының орынбасары А.П. РАУ жүргізді.
Ауыл шаруашылық министрі Қарашукеев Ербол Шыракбайұлы баяндамашы ретінде сөз сөйлеледі. Министр «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде жеміс-көкөніс дақылдарының өндірісін ұлғайту агроөнеркәсіптік кешеннің алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда. Соңғы үш жылда көкөніс дақылдарының егіс алаңдары 10,5 мың гектарға ұлғайды, олар 2022 жылдың қорытындысы бойынша 169,7 мың гектардықұрады, оның ішінде сәбіз алқабы 1 мың гектарға, қияр алаңы 2,1 мың гектарға, пияз 4,5 мың гектарға ұлғайды»-дей отырып аталған тақырып бойынша егжей тегжейлі айтып берді.
Үкімет сағаты барысында қызу талқылау мен сұрақ жауаптер болды. Өз кезегінде Данияр Алдабергенұлы «Өндіріс көлемі жеткілікті болғанына қарамастан жеміс-көкөніс саласындағы қайта өңдеу үлесі 1,5 пайыз деңгейінде қалып отыр. Картопты қайта өңдеу жөніндегі «Farm Fruites» жобасы, жемістерді қайта өңдеуге арналған Түркияның Гокнур жобасы, Алматы облысындағы тағы бірнеше жоба туралы Үкімет сан мәрте айтқан болатын. Осы жобалардың іске асырылу барысы қалай? Өнімдерді қайта өңдеу үлесін дамыту және ұлғайту перспективалары туралы сіздің ойыңызды білгім келеді?» деген сұрақ қойды.
Министрі - «Farm Fruites» жобасы бойынша 30 пайыз капиталды инвесторлардың өздері құйып отыр, 70 пайызын қазақстандық тарапынан қаржылық институттардан 7,5 пайызға жеңілдетілген қаражат керек болып отыр. Жоба бойынша қаражат жағынан проблема туындап отыр. Тапшылықтың себебінен ол қаражатты таба алмай жатырмыз. Жақын арада «Farm Fruites» компаниясының өкілдері Қазақстанға келеді, сонда олармен ашық сөйлесіп, нақты нүкте қоятын боламыз. Ары қарай қаржыландыру көздерін таба алмасақ, онда ол жобаны жабамыз. Біз негізі «Farm Fruites» жобасына қарамай, басқа да ірі жобаларды іске асыруды талқылап жатырмыз. Мысалы, Алматы облысында картопты өңдейтін зауыт соғу мәселесі бар. Геосаяси жағдайларға байланысты өндірісті Қазақстанға әкелу мәселесін де пысықтап жатырмыз. Шілде айының соңына дейін осы жобаны анықтап, егжей-тегжейлі қарап, нақты айтатын боламыз, ісе асатынын, аспайтынын, инвестор қаражат таба алатынын, таба алмайтынын. Негізі біз өз тарапымыздан инвесторға барлық қажетті мәліметтің бәрін беріп отырмыз. Көмек беруге дайынбыз.
Гокнур жобасы бойынша. Ол «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірге екі кезеңнен тұратын үлкен жобаны іске асырып отыр. Негізі мәселе қаржыландыруда болып отыр. Олар да 60-70 пайызын біздің қазақстандық даму институттарынан арзандатылған несие алмақшы болып отыр. Оған қазіргі таңда қаражат болмай тұр. Сол себептен біз өз тараптарыңыздан Гокнур жобасын іске асыра беріңіздер, сосын қаражат мәселесі шешілетін болса, ары қарай шешіледі деп отырмыз. Ол мәселе де жақында шешілетін болады.» деген толыққанды жауап берді.
Қорытындылай келе, мен қант өнеркәсібін дамыту және астықты терең өңдеу үшін ғылыми ресурстарды ескеру қажет екенін атап өткім келеді.