Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Көшпелі отырыс

2023 жылғы 19 маусымда Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ-нің жедел басқару орталығының қызметімен танысу жөніндегі көшпелі тақырыптық отырысында болдық.

Біз азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін полиция жұмысына белсенді түрде енгізіліп жатқан заманауи технологиялармен таныстық.

Отырыс барысында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Ekin Patrol" жылжымалы кешенінің жұмысы, полицияға жол ережесін бұзушыны анықтауға көмектесетін "Қорғау" жүйесінің ерекшеліктері, "сандық полиция қызметкері" жобасымен таныстырылып, ІІО-ның есепке алынатын тұлғаларын бақылауға арналған электрондық білезіктер көрсетілді.

Сонымен қатар, "DIGITAL CRIM LAB" цифрлық криминалистикалық зертханасының бірегей пилоттық жобасы ұсынылды. Ол физикалық дәлелдерді: саусақ іздерін, ДНҚ-ны, қару іздерін, жарылғыш заттарды және басқа да дәлелдерді зерттеуге арналған заманауи жабдықтармен және арнайы технологиялармен жабдықталған екен. Сондай-ақ, өз сұрақтарымызға толық жауап алып, ішкі істер органдары жүргізіп жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп тарқастық.