Ағымдағы жылдың 20 маусымында өткен комитетінің кеңейтілген отырысында депутат Д. Қасқарауов «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» тақырыптық отырысының дайындығы жөнінде баяндады. «Негізінде бұл тұжырымдаманы әзірлеуші жауапты мемлекеттік орган - Ұлттық экономика министрлігі. Аталған тұжырымдама осы жылғы 28 наурызда бекітілген. Ондағы іске асырылатын шаралар негізінен желтоқсан айында орындалады. Ең жақын дегенінің өзі осы жылғы шілде айы, оның өзі бір-екі бағыттар бойынша.Ол, ауылдық елді мекендерді цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың отандық телеарналарымен қамтамасыз ету және учаскелік полиция пункттерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етуін дамыту және нығайту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу мен бекіту. Сондықтан да, отырысымызда осы тұжырымдамамен таныстыру және ол бойынша ақпарат беру түрінде өткіземіз» - деп отырысқа дайындықтың сақадай сай екенін айтып кетті.