Ағымдағы жылдың 27 маусымында Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан II Халықаралық элиталық турнир «Elorda Cup» бой көтерді.
Бұл жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев, Қазақстан Республикасы бокс Федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтар қатысты.
Екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирге он мемлекеттен 200 ден астам боксшы қатыстып, 25 салмақта жеңімпаздар анықталды.
Салауатты өмір сүру дегеніміз - тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Біздің жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестетуіміз мүмкін емес. Бұл тәрбиенің үлкен бір саласы. Спортты бір жүйеге түсіріп, бір мақсатқа бағыттаса, оның адамға берері көп. Бірінші байлық-денсаулық десек, сол денсаулықтың кепілі спорт. Жылдан жылға спортпен айналысып салауатты өмірге талпынушылардың қатары көбейіп, турнирге қатысушылардың санының артуын байқап, марқайып қаламын, - дейді депутат Данияр Алдабергенұлы.