Бүгін 2023 жылғы 29 маусымы күні «Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру» тақырыбында Аграрлық мәселелер комитетінің тақырыптық отырысы өтті.
Отырыста «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рзалиев Асқар Сапашұлы, «AZAM-KC» ЖШС-нің директоры Мусин Аязбек Сейілбекұлы, «AVAGRO» ЖШС директорының орынбасары Губченко Елена Валерьевна, Қазақстанның фермерлері қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Әбуов Ермек Ерғазыұлы баяндамашы болды.
Жиынға Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар, Ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және «Атамекен» ҰКП және басқа да ведомства өкілдері қатысты.
Тақырыптық отырыс барысында АӨК техникалық жарақтандыру жағдайы бойынша анықтамалар алдық. Мысалыға, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша республикада: 149 800 трактор, 38 мың комбайн, 4 900 егіс кешені және 76 300 сепкіш, сондай-ақ әр түрлі топырақ өңдеу құралдарының 219 мың бірлігі бар. Онымен қоса, барлық ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орташа тозуы 76% құрайды. Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі соңғы 6 жылда оң динамиканы көрсетіп отыр.