Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сессияның жабылуы

30.06.2023. Бүгін маусымның соңғы күні, Парламенттің VIII шақырылымының алғашқы сессиясы да шарықтау шегіне жетті. Кеше ғана наурыздың 29 да келіп ант беріп тұрған едік, көзді ашып жұмғанша үш ай зыр ете түсті. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірлескен отырыста атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сессия небәрі 3 ай болғанына қарамастан депутаттар өте үлкен жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Сессия басталғаннан бері Палатаның 3 бірлескен, Мәжілістің 15 пленарлық отырысы өткізіліп, онда 120-дан астам мәселе қараппыз. 82 заң жобасының, 25-і қабылданып, 13-і күшіне енді. Көптеген заңдар депутаттардың бастамасымен әзірленді. Депутаттар бастамашылылығымен сұйытылған газды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қорғауды реттеу туралы, онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы, сондай-ақ кәсіптік біліктіліктер және басқалар туралы заңдар қаралып, 11 халықаралық шарттар мен келісімдер ратификацияланды. Екі палатаның депутаттары 300-ден аса депутаттық сауалдар жолдап,  800-дей адамдарды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдаппыз. Ал, алдымыздағы аптада өңірлерге шығу басталады.