Медицинаның атасы Гиппократ: «Дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен. Осы сөздерден мен Марат бауырым Аманғалиұлын көремін. Дәрігер болу ол да бір өнер десек, осы өнерді ол жетік меңгерген.
Өзі «Ең үздік жас дәрігер» атағына ие болды. "Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, рентгенхирург, нейроинтервент, нейрохирург және бірінші санаттағы дәрігер. Талай шет елдерде дәрігерлік білітілігін арттырып, қазір елімізге аянбай қызмет етуде. Жұлын мен ми ісігін микрохирургиялық алып тастау, ми тамырларының бітелуі және басқа да көптеген операциялар жасайды. Турасын айтқанда, эндоваскулярлық және микрохирургиялық операцияларға, сондай-ақ омыртқаның дегенеративті ауруларына арналған операцияларға маманданған. Қаншалықты биіктен көрінсе де, қарапайымдылығының қаймағы бұзылмаған Мәкеңді көріп, қауышып бір қуанып қалдым