Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«G4 City» жобасы

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «G4 City» жобасының тұсау кесері өтті. Түсау кесер рәсіміне Алматы облысының атынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары мен облыс әкімі М. Сұлтанғазиев қатысты. 2011 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «G4 City» қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы жарлыққа қол қойған.

Бұл – Алматы-Қонаев республикалық тас жолы бойында орналасқан 4 заманауи тақырыптық ауданнан тұратын ақылды қалала. Жобаның негізгі міндеті – бизнестің қарқынды дамуына және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Жобаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар бір уақытта, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық нысандар да беріледі.