Қасқарауов
Данияр
Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан халқына жолдау

Бүгін 2023 жылғы 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашып,  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Жиынға Мәжіліс пен Сенат депутаттарымен қатар және Үкімет мүшелері,  Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Президент депутаттарды кезекті сессияның ашылуымен құттықтап, үш жылдың ішінде орындалуға тиісті біршама нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер жүктеледі. Оның бірі – өңдеу саласын жедел дамыту. Оны іске асыру барысында шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартып, жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалануға және отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндеттеді.

Агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасап алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу, агроғылымды дамыту, егін шаруашылығында маңызды реформа жасау қажеттігін айтты.

Онымен қоса, Су ресурстары және ирригация министрлігін құруды, сондай-ақ Көлік министрлігін қайта құру қажеттігін айтып, оларға бірқатар міндеттер жүктеді. Президентіміз сөзін «Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз» деп аяқтады.