25.09.2023. Бүгін Мәжіліс пен Сенат депутаттарының Қазақстандағы кәсіби футбол мен футбол инфрақұрылымын дамыту перспективаларын талқылау үшін, Қазақстан футбол федерациясының өкілдерімен кездесуі болды.
Федерация президенті Әділет Бәрменқұлов депутаттарға 2034 жылға дейінгі даму жоспарын жайында баяндап берді. Онда балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуға деген басымдық бар. Әр қазақстандық үшін бұқаралық футбол қолжетімді және оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Негізі федерацияның бет алысы өте жақсы. Тек қолдау мен қаражат қажет. Онымен қоса, қуанышты жаңалық күні кеше қыркүйектің 21-де Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде топ-100 құраманың қатарына енді. Бұл Футболды басқару жүйесіндегі сапалы өзгерістердің нәтижесі және футбол тарихындағы ең жақсы көрсеткіштер.